Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында ауылшаруашылық жұмыстарында кеңінен қолданылатын К-700 тракторын күрделі жөндеу, сонымен қатар басқа отандық ауылшаруашылық агрегаттар өндірісі және ауыл шаруашылығында цифрлық технологияны қолдану бойынша семинар өтті.
Семинар басқарма басшысы Қ. Сәрсембайдың төрағалығымен, сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының, қаржы институттары, “арнайы техника KZ” және “UAV center”сервистік орталықтары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
“Спецтехника KZ” сервис орталығының құрылтайшысы А. В. Котелевец орталықтың мақсаттарымен, қызметтерімен және жұмысымен, оның ішінде К-700 маркалы тракторға ұсынылатын қызмет түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар, егер облыс АШТӨ-нен нақты ұсыныс болса, отандық өндірістің ауыл шаруашылығы агрегаттарын өндіруге дайын екендіктерін білдірді.
Басқарма басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5,5% бойынша отандық тіркеме, аспалы және басқа да техниканы сатып алуға берілетін несиелері туралы, сондай-ақ жаңа техниканы сатып алуға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау туралы тағы да еске салды.
“UAV center” орталығының коммерциялық директоры С. Г. Беккер өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың артықшылықтарымен таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына тапсырмалар берілді.