Компания туралы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАМАНДЫҚ ЖАБДЫҚ

“Спецтехника”  компаниялар тобы  16 жылдан бері арнаулы мақсатта пайдаланатын техникаларды  сатумен айналысып келеді.  2014 жылы орта  кластағы  автогрейдерлерді  жинауды бастап,  кейіннен  оны  толық жасап шығарумен айналысып келеді. 2016 жылы  арнаулы техникалардың  сервистік  қызмет көрсету орталығы  ашылды.

“Спецтехника”  ЖШС – гі   “Спецтехника”  компаниялар тобының  құрылымдық  бөлігі болып табылады.
Компаниялар тобының құрамына төменгі  кәсіпорындар кіреді:

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы,  “Спецтехника”  ЖШС,  сайты: spt.kz
Ресей  Федерациясы,  Орынбор қаласы, “Спецтехника  Ру”  ЖШҚ, сайты: спецтехникару.рф
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы,  “Арнаулы техникалар сервистік қызмет көрсету орталығы”  ЖШС,  сайты: sptservice.kz

Біздерде  жол – құрылыс  техникаларының  кез келген түрін, орта және ауыр  классты  автогрейдерлерді, шынжыр табанды бульдозерлерді, дөңгелекті  және шынжыр табанды  экскаваторларды,  металл сынықтарын және  кенді  кайта тиегіштерді, тракторлардың  барлық түрлерін сатып алуға болады. Біздер кепілді сервистік  қызмет көрсетудің  шарттарын  қатаң сақтаймыз және де,  өзіміздің кәсіби шеберлігімізді арттыруға  күн сайын  ұмтыламыз.

Біз сататын тауарларды сатып алушының  қоймасына жеткізу, оны құру және  жұмыс жасауын  көрсету сияқты қызметтер тауар құнының ішіне үнемі кіргізіледі.  Тапсырыс берушінің  қалауы  бойынша  жүргізуші- операторды  техниканы шығарушы зауытқа тегін оқып  үйренуге жібереміз.

Арнаулы техниканы сатып алу, ол туралы жеткілікті түрде  кеңес алу және оның бағасын білу, несие рәсімдеуден  де жеңіл болды. Бізге телефонмен хабарласуға немесе  маманның  телефон соғуына тапсырыс беруіңізге болады.

Қазірде қоймада бар және  тапсырыс  қабылдауға болатын арнаулы техникалар:

  • Экскаваторлар (дөңгелекті және шынжыр табанды);
  • Шынжыр табанды бульдозерлер;
  • Автогрейдерлер (орта және ауыр);
  • және техниканың басқа түрлері;

 

Серіктестікке шақырамыз!