Камаз автофургоны – Спецтехника – автогрейдер, экскаватор, кран, погрузчик, купить в актобе


Камаз автофургоны

Бағасын біліңіз

ППУА 1600/100М  қондырғысы мұнай  ұңғымаларын,  жер асты  және жер үсті  жабдықтарды  100 кг/см² (II тәртіптеме) дейінгі  жоғары  қысымды  қаныққан бумен  парафинсіздендіруге,   сонымен  қатар  жылытуға,  жууға және өзгеде  жұмыстарға  6 кг/см² (I тәртіптегі) дейінгі   төменгі қысыммен,   салқын және  бірқалыпты  макроклиматтық аудандардың жағдайлырында пайдалануға  арналған.

Далалық  жағдайларында  буды  өндіруге  арналған  дербес қазандық  болып табылады. ППУА  қондырғысы    “термосэндвич” технологиясы бойынша  дайындалған жаңа  кунгпен (кузов унифицированный  нулевого габрита) ,  жабдықталады. Фургонның  ішкі  жабындысы цинктелген  пішіндемелерден  жасалынған,  олар тотықпайды және  химиялық әсерлерге душар болмайды сонымен бірге   Рессейдің  Мемлекеттік  санитарлық эпидемиологиялық  бақылауымен  мақұлданған.

Сэндвич панельдерден  жасалған  фургон  ,  күшейтілген  қаңқасының,  қосымша  ішкі  бұрыштамаларының,  50  мм  жылусақтағышымен  күшейтілген платформасы  және  монолитті панельдері есебінен ең  берік  автофургондардың  санына жатады.

Есіктердің барлық бекіту  элементері мен жабылу механизмдері  цинктелген металдан жасылынған  және  құлыптар мен  пломбалар салу қаралған.  Есіктердің  қосымша  екі жақты резиналы тығыздауышы  бар, сол арқылы фургонның  бітеулік  қасиетін едеуір арттырады. Есік тығыздаушысы -арнаулы резиналы Pommier пішіні,  шанақтың толық бітеулігін  қамтамасыз етеді. Есіктің  ашық тұрып қалуын  ұстайтын  ұстатқыш  қаралған.